Skip to content

Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттік белсенділері

Студенттік белсенділер көшбасшысы

Сақтаған Эльмира Жасқыранқызы

Студенттік актив – бұл факультеттің белсенді, шығармашыл және бастамашыл студенттерінен құралған ұйым. Активтің негізгі мақсаты – студенттерді біріктіріп, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету, оқу орнында жағымды орта қалыптастыру және факультеттің мәдени-әлеуметтік өмірін жандандыру.

Біздің студенттік актив – бұл Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері үшін ерекше маңызы бар ұйым. Актив факультет өмірін жандандырып, студенттердің шығармашылық, көшбасшылық және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттары:

  1. Студенттерге қолдау көрсету:
  • Жаңа студенттерді оқу процесіне бейімдеу.
  • Академиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру.
  1. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру:
  • Факультетте дәстүрлі түрде өткізілетін шараларға ат салысу.
  • Спорттық жарыстар, интеллектуалдық викториналар және мәдени кештер.
  1. Таланттарды қолдау және дамыту:
  • Әр түрлі конкурстар мен шығармашылық жобалар.
  1. Қайырымдылық және волонтерлік қызмет:
  • Әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу.
  • Факультеттің волонтерлік дәстүрлерін дамыту.
  • Жәрмеңке ұйымдастыру.
  1. Факультет дәстүрлерін нығайту:
  • Жыл сайынғы іс-шаралар арқылы бірлікті нығайту.
  • Үлкендерден жаңа буынға тәжірибе мен құндылықтарды жеткізу.

Біздің мақсатымыз – тек іс-шаралар ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар студенттерді ортақ мақсаттарға біріктіріп, оларға мүмкіндіктер мен мотивация беру.