Skip to content

А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік және техникалық институты

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Институт туралы

Айтмухамбетов Абай Ахметғалиұлы -еңбек сіңірген педагог, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровской ауылында дүниеге келген. Әкесі,  Ахметгали Айтмухамбетов біздің өңірдің білімі мен экономикасының дамуына баға жетпес үлес қосты. Ы.Алтынсарин атындағы интернатты бітірген Айтмухамбетов Абай Киров атындағы ҚазМУ-дың физика-математика факультетіне оқуға түсті және кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

Университетті бітіргеннен кейін Абай Ахметғалиұлы туған қаласы Қостанайға оралып, педагогикалық институтының физика-математика факультетінде еңбек жолын бастады. Октябрьдің 50 жылдығы атындағы педагогикалық институты, қазіргі А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ.

Абай Ахметғалиұлы 8 жыл бойы физика-математика факультетінің деканы болды, 1987 жылдан бастап оның ректорлық қызметі басталды және ол 19 жылға созылды.

Алдымен шақырту бойынша ол Қызылорда педагогикалық институтының ректоры лауазымына сайлауға қатысып, жеңіске жетті, содан кейін Тәуелсіздік алған уақытта Көкшетау педагогикалық институтының ректоры болып жұмыс істеді. Кейін бұл ЖОО Ш.Уалиханов Университет мәртебесіне ие болды.

Еңбек жолында Абай Ахметғалиұлы өзін аса талантты ұйымдастырушы, педагог, ғалым ретінде көрсете білді. Оның ғылыми еңбектері Отанымыздың және алыс жақын шет елдердің беделді ғылыми басылымдарында жарияланды сонымен қатар ғылыми еңбектері қазіргі зерттеулерде қолданылуда.

Марапаттар
  • «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
  • «Құрмет» Ордені
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің грамотасы
  • Әлемдік ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін француздық «Laureat-medailled 'orspi» сыйлығы