Skip to content

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Кузенбаев Батырхан Аманжолович Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісі Лауазымы
PhD докторы Ғылыми дәрежесі
bekz@bk.ru Электрондық пошта

Aқпараттық жүйелер кафедрасы 1992 жылдан бастап ақпараттық технологиялар облысындағы мамандарды даярлайды және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің құрылымдық бірлік болып табылады. 5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалаврларды дайындайды Оқуы күндізгі және сырттай оқу фомалары бойынша жүргізіледі.

Kафедраның мақсаты білімберу қызметтернің сапасын жоғарылату, оқу, ғылыми және тәрбиелік әрекеттерінің орындалуын білім тұтынушыларын қамтамасыздандыратын қызметтері білім беру әлемдік стандарттарына сәйкес деңгейде жүргізу .

Kафедраның жұмысы мамандықтың білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындықпен ие, берік кәсіби біліммен, ұсталықтармен және дағдылармен мамандарды даярлауға бағытталған.

Кафедра өте жақсы материалды – техникалық базасымен қамтамасыздандырылған, және квалификацияланған оқу – оқытушылық құрамымен қамтамасыздандырылған, бұл студенттерге кәсіптік  білім және тәжірибе, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика аумағының мамандары болуға мүмкіндік береді.

«Aқпараттық жүйелер» кафедрасының тарихы 1992 жылдан басталады,  Қостанай педогогикалық институты базасында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрылуымен байланысты «Қолданбалы математика» кафедрасы құрылды. Осы кезеңнен бастап кафедра экономикалық батыттағы, қолданбалы математика квалификациясымен «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша мамандарды шығарды.

Кафедраның алғашқы менгерушісі болып 1992 жылы жұмыс тәжірибесі мол, информатика облысындағы маман, доцент Гевейлер Геннадий Николаевич тағайындалды. Ал 1996 жылы, Киев қаласында аспирантураны аяқтап және кандидаттық дисертацияны жақсы қорғап, кафедра менгерушісінің орнына Қалжанов Марат Өмірбекұлы тағайындалды. Кафедраның тұрақтануында, дамуына бағаланбас үлкен үлес қосқан кісі, ол қазіргі уақытта Қостанай мемлекеттік университетіндегі оқу жұмысының және оқытудың жаңа технологияларының проректоры Майер Федор Федорович.

Aл 2001 жылдан бастап кафедра экономикалық факультеттің құрамында ф.-м.ғ.к, профессор Кужукеев Женис Мурзатаевич басшылығымен жоғары математика және ақпараттық жүйелер кафедрасы болып  жұмыс істеді және экономикадағы ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша мамандарды шығара бастады.

2006 жылы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының менгерушісі болып физика – математикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Абатов Нұрлыбай Төлепбергенович тағайындалды, кейіннен 2008 жылы бұл кісі Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болып тағайындалды.

2008-2015  жылдары кафедра менгерушісі қызметін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жунусов Куат Муратович атқарды, ол кафедрада 1995 жылдан бастап жұмыс атқарады.

2015-2018  жылдары «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының менгерушісі физика – математикалық ғылымдарының докторы, доцент Байманкулов Абдыкарим Тунгушбаевич болды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының магистрі Кузенбаев Батырхан Аманжолович басқарады.

6B06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:
  • Ақпараттық жүйелердегі менеджмет. Экономикалық ақпараттық жүйелердің бизнес-үдерістерін жобалауға, экономикалық, математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдана отырып, Интернет жүйелерінде басқару және қаржылық есепке алудың заманауи ақпараттық технологияларын, 1С: Кәсіпорын платформасында логистика бизнес-шешімдерді жүзеге асыруға арналған жоғары тиімді әдістерге ие білікті мамандарды даярлау.
  • Телекоммуникацияларда, байланыс және басқару жүйелерінде ақпараттық жүйелер. Интернет жүйелеріндегі веб-үлгілерді құрастыру принципі бойынша компьютерлік және телекоммуникациялық желілерді жобалауда, олардың қорғалуын және ақпаратты берудің сенімділігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстың принциптеріне сәйкес телекоммуникациялық жабдықты, жергілікті есептеуіш желілерді, серверлерді және дербес компьютерлерді жабдықтауда білікті мамандарды даярлау.

Кафедра түлектері ақпараттық жүйелерді,  телекаммуникациялар және байланыс жүйелерін (талшықты – оптикалық, өткізгішті, радио және спутникті желілер базасында жұмыс істейтін корпоративті, регионалдық және глобалдық ақпараттық жүйелер мен желілермен қоса) жобалауды, жақсартуды және  аппаратты – бағдарламалық қолдануын қамтамасыздандырады, сонымен қатар қаржы және экономикадағы ақпараттық жүйелер мен технологиялармен жұмыс істейтін мамандар  болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің бакалавры әртүрлі технологиялардың байланыс жүйелерінің техникалық және бағдарламалық қолдауын және қызмет көрсету деңгейлерін, сонымен қатар экономикадағы ақпараттық жүйелерін, инфо – коммуникациялық желілерін, Интернет желілерін қамтамасыздандырады

Біздің түлектерді телекоммуникациялық компанияларда, консалтингтік және компьютерлік фирмаларда, жарнамалық және басылым компанияларында, банктік және сақтандыру компанияларында, кедең және салық аумағында, қаржылық, мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның және Қостанай облысының үлкен өндірістік мекемелерінде, жергілікті әкімшілік жүйелерінде кездестіруге болады.

Кафедра санында 24 шығарылым, біздің түлектердің мансабы мен қызмет атқару жоағрафиясы оқытушылар мен университет үшін улкен мақтаныш. 900 астам жоғары квалификацияланған мамандар Қазақстанда, Ресейде, Германия, США және басқа да елдерде жұмыс істейді.

Түлектердің ішінен атап өту керек: Қазақстан Республикасының шахмат бойынша екімәрте чемпион атағына иеленген Костенко Петрді, ССГПО инженер – программисті Панченко Анатолийді, Жумагулов Ерланды «Алгоритм - Сервис» фирмасында директордың орынбасары, Григорович Русланды Қазақстан спутникті жүйесі бойынша бас маманы, Ергали Нурлан, Сарбасов Асхатты ІІБ ақпараттар орталығының мамандарын, Козьма Дмитриді, Жаксыликов Саятты, Смирнов Андрейді АО «Казпочта» КФ ақпараттар бөлімінің бастығы, «Сургутнефтегазбанкінің» бас экономисті Герасимова Иринаны, Aravipharma фирмасының Sap – администраторы Двуреченская Ольганы (Германия, Дрезден қ.), Туганов Давидты Алабама штатының Рочестер университетінің магистрантын, Сейлев Д. АҚ «Темірбанк» несиелеу бөлімінің бастығын және т.б.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы квалификацияланған оқу – оқытушылық құрамымен қамтамасыздандырылған, бұл студенттерге кәсіптік білім және тәжірибе, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика аумағының мамандары болуға мүмкіндік береді.