Skip to content

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Кузенбаев Батырхан Аманжолович Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісі Лауазымы
PhD докторы Ғылыми дәрежесі
bekz@bk.ru Электрондық пошта

Aқпараттық жүйелер кафедрасы 1992 жылдан бастап ақпараттық технологиялар облысындағы мамандарды даярлап және А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің құрылымдық бірлігі болып табылады.

6B06102 - ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалаврларын дайындайды.  Оқу күндізгі және сырттай оқу формалары бойынша жүргізіледі.

Kафедраның мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату, оқу, ғылыми және тәрбиелік әрекеттерінің орындалуын, білім тұтынушыларды қамтамасыздандыратын қызметтерін білім берудегі әлемдік стандарттарға сәйкес деңгейде жүргізу.

Kафедра жұмысы мамандықтың білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындықдықтарға, берік кәсіби біліммен, ұсталықтармен және дағдылармен мамандарды даярлауға бағытталған.

Кафедра өте жақсы материалды – техникалық базасымен қамтамасыздандырылған, және квалификацияланған профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыздандырылған, бұл студенттерге кәсіптік  білім және тәжірибе, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика саласының мамандары болуға мүмкіндік береді.

«Aқпараттық жүйелер» кафедрасының тарихы 1992 жылдан басталады,  Қостанай педогогикалық институты базасында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрылуымен байланысты «Қолданбалы математика» кафедрасы құрылды. Осы кезеңнен бастап кафедра экономикалық батыттағы, қолданбалы математика квалификациясымен «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша мамандарды шығарды.

Кафедраның алғашқы менгерушісі болып 1992 жылы жұмыс тәжірибесі мол, информатика облысындағы маман, доцент Гевейлер Геннадий Николаевич тағайындалды. Ал 1996 жылы, Киев қаласында аспирантураны аяқтап және кандидаттық дисертацияны жақсы қорғап, кафедра менгерушісінің орнына Қалжанов Марат Өмірбекұлы тағайындалды.

Aл 2001 жылдан бастап кафедра экономикалық факультеттің құрамында ф.-м.ғ.к, профессор Кужукеев Женис Мурзатаевич басшылығымен жоғары математика және ақпараттық жүйелер кафедрасы болып  жұмыс істеді және экономикадағы ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша мамандарды шығара бастады.

2006 жылы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының менгерушісі болып физика – математикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Абатов Нұрлыбай Төлепбергенович тағайындалды, кейіннен 2008 жылы бұл кісі Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болып тағайындалды.

2008-2015  жылдары кафедра менгерушісі қызметін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жунусов Куат Муратович атқарды, ол кафедрада 1995 жылдан бастап жұмыс атқарады.

2015-2018  жылдары «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының менгерушісі физика – математикалық ғылымдарының докторы, доцент Байманкулов Абдыкарим Тунгушбаевич болды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі таңда кафедраны доктор PhD Кузенбаев Батырхан Аманжолович басқарады.

6B06102 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламаласы келесіні қарастырады:

  • Ақпараттық жүйелердегі менеджмет.Экономикалық ақпараттық жүйелердің бизнес-үдерістерін жобалауға, экономикалық, математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдана отырып, Интернет жүйелерінде басқару және қаржылық есепке алудың заманауи ақпараттық технологияларын, 1С: Кәсіпорын платформасында логистика бизнес-шешімдерді жүзеге асыруға арналған жоғары тиімді әдістерге ие білікті мамандарды даярлау.
  • Телекоммуникацияларда, байланыс және басқару жүйелерінде ақпараттық жүйелер. Интернет жүйелеріндегі веб-үлгілерді құрастыру принципі бойынша компьютерлік және телекоммуникациялық желілерді жобалауда, олардың қорғалуын және ақпаратты берудің сенімділігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстың принциптеріне сәйкес телекоммуникациялық жабдықты, жергілікті есептеуіш желілерді, серверлерді және дербес компьютерлерді жабдықтауда білікті мамандарды даярлау.

Кафедра түлектері ақпараттық жүйелерді,  телекаммуникациялар және байланыс жүйелерін (талшықты – оптикалық, өткізгішті, радио және спутникті желілер базасында жұмыс істейтін корпоративті, регионалдық және глобалдық ақпараттық жүйелер мен желілермен қоса) жобалауды, жақсартуды және  аппаратты – бағдарламалық қолдануын қамтамасыздандырады, сонымен қатар қаржы және экономикадағы ақпараттық жүйелер мен технологиялармен жұмыс істейтін мамандар  болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің бакалавры әртүрлі технологиялардың байланыс жүйелерінің техникалық және бағдарламалық қолдауын және қызмет көрсету деңгейлерін, сонымен қатар экономикадағы ақпараттық жүйелерін, инфо – коммуникациялық желілерін, Интернет желілерін қамтамасыздандырады

Біздің түлектерді телекоммуникациялық компанияларда, консалтингтік және компьютерлік фирмаларда, жарнамалық және басылым компанияларында, банктік және сақтандыру компанияларында, кедең және салық аумағында, қаржылық, мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның және Қостанай облысының үлкен өндірістік мекемелерінде, жергілікті әкімшілік жүйелерінде кездестіруге болады.

Кафедра санында 24 шығарылым, біздің түлектердің мансабы мен қызмет атқару жоағрафиясы оқытушылар мен университет үшін улкен мақтаныш. 900 астам жоғары квалификацияланған мамандар Қазақстанда, Ресейде, Германия, США және басқа да елдерде жұмыс істейді.

Түлектердің ішінен атап өту керек: Қазақстан Республикасының шахмат бойынша екімәрте чемпион атағына иеленген Костенко Петрді, ССГПО инженер – программисті Панченко Анатолийді, Жумагулов Ерланды «Алгоритм - Сервис» фирмасында директордың орынбасары, Григорович Русланды Қазақстан спутникті жүйесі бойынша бас маманы, Ергали Нурлан, Сарбасов Асхатты ІІБ ақпараттар орталығының мамандарын, Козьма Дмитриді, Жаксыликов Саятты, Смирнов Андрейді АО «Казпочта» КФ ақпараттар бөлімінің бастығы, «Сургутнефтегазбанкінің» бас экономисті Герасимова Иринаны, Aravipharma фирмасының Sap – администраторы Двуреченская Ольганы (Германия, Дрезден қ.), Туганов Давидты Алабама штатының Рочестер университетінің магистрантын, Сейлев Д. АҚ «Темірбанк» несиелеу бөлімінің бастығын және т.б.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы квалификацияланған профессор – оқытушылық құрамымен қамтамасыздандырылған, бұл студенттерге кәсіптік білім және тәжірибе, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика аумағының мамандары болуға мүмкіндік береді.