Skip to content

Машина жасау кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Курманов Аяп Конлямжаевич Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісіні Лауазымы
Техника ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі

Кафедра тарихы 1984 жылы құрылған Қостанай АШИ-ның  «МТК пайдалануы және машиналарды жөндеу» кафедрасынан басталады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі доцент, техника ғылымдарының кандидаты  Александрова Римма Алексеевна болды. Соңында кафедра қайта ұйымдастырылып, екі кафедраға бөлінді: «Машина-тракторлық паркін пайдалану» (меңгерушісі т.ғ.к., доцент Зеленин В.А.) және «Машиналардың сенімділігі және жөндеуі» (меңгерушісі т.ғ.к. доцент Болотин Б.Ф.).

Кейін осы екі кафедра бірігіп «Техникалық сервис» деп аталды. 2013 жылы технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы және техникалық сервис кафедрасы бірікті. Кафедрада «Техникалық сервис» атауы қалды. 1994 жылдан 2000 жылға дейін кафедраны  доцент, т.ғ.к. Салыков Б.Р басқарды.

2000-2005 ж.ж.аралығында кафедра меңгерушісі т.ғ.к, доцент Зеленин В.А болды.

2005-2015 ж.ж аралығында кафедраны доцент, т.ғ.к. Нурушев Серик Закирович басқарды.

2015 жылдан жылдан осы күнге дейін машина жасау кафедраны т.ғ.к. Шаяхметов Амангельды Булатович басқарып келеді.

Кафедраның Қазақстан және Ресей ЖОО-мен үлкен ынтымақтастық тәжірибесі бар.

Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті.
  • Орынбор мемлекеттік аграрлық унивсерситеті
  • Белоруссия мемлекеттік аграрлық техникалық унивсерситеті;
  • Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті;
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті.
 Кафедрамен біріккен оқу-өндірістік ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды:
  • ЖШС «СарыаркаАвтоПром»
  • АҚ «АгромашХолдинг KZ»
  • ЖШС «Тобол Моторс»
  • ЖШС «Автодом Костанай»
  • ЖШС «AUTOPLANET»
  • ЖШС «Агротехмаш»
  • КФ ЖШС «КазНИИМЭСХ»