Skip to content

Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

Соц.сети
Зертханалар

Инновациялық инжиниринг зертханасы өзінің құрамына контроллерлерді бағдарламалау, робототехника, сондай-ақ 3D-принтинг саласындағы жоғары жарақтандырылған зертханаларды қамтиды және студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ оқытушыларға тиісті жабдықпен өзара іс-қимыл жасай отырып, белгілі бір пәнге сәйкес белгілі бір ғылыми-практикалық зерттеулерді, атап айтқанда RoboRobo жинақтарымен, робот-манипуляторлармен, сандық бағдарламалық  басқарылатын фрезерлік станокпен, пневмосорталау желісімен жүзеге асыруға және орындауға мүмкіндік береді.

Ғылыми бағыттар

Инновациялық инжиниринг зертханасының базасында әртүрлі бағыттағы студенттік шығармашылық секциялар ұйымдастырылды, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның қандай да бір ғылыми жобаларды орындауы үшін жағдайлар жасалды,  мысалы:

  • Квадрокоптердің ұшуды басқарудың мехатронды жүйелерін зерттеу;
  • машина жасау кәсіпорындары өнімдерінің сапасын қамтамасызету процестерін кешенді зерттеу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін нормативтік құжаттар жүйесін қалыптастыру;
  • салалар бойынша автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу;
  • кешенді рентгенографиялық зерттеулердің бірін-бірі толықтыратын әдістерімен кен қазбаларын талдау кезінде алынатын кіріс деректерін өңдеуге арналған автоматтандырылған ақпаратық жүйені әзірлеу және оны бағдарламалық қамтамасыз ету түрінде іске асыру.