Skip to content

Аграрлық техника және көлік кафедрасы

Соц.сети
Оқу және ғылыми зертханалар

Кафедра техникалық және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады. Кафедра оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, материалдық-техникалық базасын, білім беру процесін екі тілде-қазақ және орыс тілдерінде оқу және оқу – әдістемелік материалдармен жетілдіреді.

«Аграрлық техника және көлік» кафедрасының оқу кабинеттері көрнекі ақпараттық стендтермен, әртүрлі макеттермен, қондырғылармен, белсенді стендтермен, жабдықтармен безендірілген.

Кафедраның оқу кабинеттері ғылыми-инновациялық қызметті дамытудың басым бағыттарына сәйкес стендтермен жабдықталған.

Оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жақсы материалдық база және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бар. Студенттердің қарамағында оқу зертханалары, интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.

Сапалы оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін тиісті жабдықтар бар,оқу зертханаларында орналасқан: «Астық жинаудан кейінгі өңдеу», «Мотор жөндеу», «Егіс және егіс машиналары», «Мал шаруашылығын механикаландыру», «Тракторлар мен автомобильдердің гидравликалық жүйелері», «Автомобильдер мен тракторлардың қозғалтқыштарын сынау», «Жанар-жағармай».

«Жанар-жағармай және техникалық сұйықтықтар» пәні бойынша сабақтар жанар-жағармай материалдарының және әртүрлі техникалық сұйықтықтардың сапасын зерттеуге арналған арнайы аспаптармен жабдықталған мамандандырылған зертханада өткізіледі.