Skip to content

А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік және техникалық институты

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Кафедра туралы
Радченко Татьяна Александровна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м. а Лауазымы
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Академиялық дәрежесі
tanya_rad81chen@mail.ru Электрондық пошта

Кафедраның мақсаты заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде жоғары сапалы білім беру қызметтерінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Информатика кафедрасының оқытушылары студенттер мен магистранттарды университеттік ғылыми конференцияларға, республикалық конкурстарға, студенттік ғылыми жұмыстарға, бизнес-жобаларға қатысуға, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаруға дайындайды.

Тәрбие жұмысы студенттерді оқыту мен тәрбиелеу процесінің тұтастығын қамтамасыз етуге, ғылыми дүниетанымды, руханият пен адамгершілікті қалыптастыруға ықпал ететін мәдени - білім беру ортасын құруға бағытталған. Факультет пен кафедра деңгейінде дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне - Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспарланады және өткізіледі. Жыл сайын кураторлық сағаттарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын талқылау жүргізіледі.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ғылыми әлеуетін кеңейту және ғылыми-зерттеу қызметінің дағдысын қалыптастыру болып табылады. Пікірталас өткізу үшін жағдай жасау және білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру, дарынды жастарды анықтау, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында Ұлттық зияткерлік элитаны қалыптастыру.

Кафедраның ПОҚ, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу тақырыптарының бағыттары:
  • технологиялық процесстерді басқару мен реттеудің интеллектуалды жүйелері;
  • шингл алгоритмін қолдана отырып, білімді бағалау және бақылаудың интеллектуалды жүйелері;
  • графикалық процессорларды қолдана отырып, үлгіні танудың алгоритмдері мен әдістері;
  • семантикалық құрамдас бөлікті ескере отырып, қазақ ымдау тілінің сурдоаудармасының автоматтандырылған жүйелері;
  • болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; мультимедиа элементтерімен электрондық құралдарды әзірлеу; педагогтердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру;
  • мектептегі технологиялық білімді жаңарту жағдайында кәсіптік оқыту мамандығының траекториялары бойынша білім мазмұнын жобалау.

Кафедра Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен және Казань ұлттық технологиялық зерттеу университетімен ғылым саласындағы ынтымақтастық бойынша байланыс орнатты.

Оқушылар түрлі конкурстарға, пәндік олимпиадаларға белсене қатысып, өздерінің жақсы білімдері мен эрудицияларын көрсетеді.

Оқу жылы бойы кафедра қаланың бекітілген мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асырады, кафедра оқытушылары қала және облыс мектептері арасында "Информатика" мамандығы бойынша жарнамалық проспектілерді таратуды жүзеге асырады. Оқытушылар информатика бойынша олимпиадалар, ОҒҚ конференциялары, семинарлар қатысушыларымен, "Дарын" РҒПО желісі бойынша дарынды балалармен оларды Институт студенттері қатарына тарту бойынша үнемі кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Облыстық информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру институты желісі бойынша А.Д. Цыганова, Г.Б. Даулетбаева курс тыңдаушыларымен жұмыс орындарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тұрақты әдістемелік жұмыс жүргізіледі. Оқытушылар институттың үгіт-насихат тобымен Қостанай облысының мектептеріне барады.

Кафедра мектептермен және білім беру мекемелерімен шығармашылық байланыста.